2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 шешімі
(2018.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018.27.03. № 17/210 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 18/217 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.12.11. № 21/259 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 111 488 717,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 77 864 798,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 6 792 279,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21 008,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 26 810 630,9 мың теңге;
2) шығындар - 109 584 927,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 147 986,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 833 706,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 981 692,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 736 673,1 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 744 511,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 7 837,9 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 315 102,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 315 102,8 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018.16.05. № 18/217 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.12.11. № 21/259 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. 2018 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1)Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 0 пайыз;
Қарақия ауданына - 37,5 пайыз;